Шығармашылық — іздену жоспары.

Шығармашылық — іздену жоспары.

Шығармашылық жұмыс тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын арқылы компьютерлік сауаттылық пәнің үйрету».

  Мақсатым: Балаларды ақпараттық технологияларға толы қоғамдық өмірге психологиялық  дайындығын қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып, логикалық, интелектуалдық және танымдық қабілеттерін дамыту.

 Міндеттерім:

► Балаларды жаңа білім беру технологияларының көмегімен оқыту;

► Көңіл көтеру және ойын орталығы қызметін атқару;

►Онда білім беру және көңіл  көтеру міндеттерінің барынша кең шеңбері орындала алады;

► Балалар үшін де, оқытушылар үшін де жұмыстың барынша қолайлылығын жасау;

► Балаларды компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерімен және дағдыларымен таныстыру;

►Бала бойында танымдық, ақпараттық құзіреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік  туғызатын қолайлы пәндік- даму ортасын құру;

► Тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру;

►Балалардың көру жадыларын,есте сақтау қабілетін берілген тапсырмалар арқылы дамыту;

►Әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;

► Балалардың логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

► Күнделікті өмірде қарапайым өзіне қажетті техникалық құралдарды қолдана білуге үйрету;

► Әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

► Мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.

Күтілетін нәтижеге сипаттама:

Балалар білуге тиісті:

►компьютер құрамына енетін негізгі құрылғылардың сипаттамасын: жүйелік блок, монитор, перне тақта, тінтіуір;

►компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін;

► тінтіуірмен жұмыс істеуді;

►монитордан курсор мен тінтуірдің бағыттағышын айыруды;

► тінтуірдің көмегі арқылы экраннан қажетті обьектіні таңдай білуді (тінтуірдің бағыттағышын анықтап, сол жақ түймесін басу);

►тінтіуірдің сол жақ түймесін басу арқылы экранға қоршау салуды,

►тінтуірдің сол жақ  түймесін басу арқылы қажетті обьектіні орналастыруды,

► перне тақтаны  қолдануды; әріптер мен сандарды енгізуді, «Enter» клавишін қолдануды;

►тінтуірді түрту арқылы сүрау алаңынан «тізім» типтес (басты мәзір, мәзір деңгейі) қажетті жолды таңдауды;

► тінтуірдің көмегі арқылы экранда жұмыс істеуді;

► заттарды қасиеттеріне қарай  топтастыру

► класстарды белгілеуді (біркелкі заттардың топтары, мысалы: көліктер, жемістер, көкөністер, оқу құралдар т.б)

► суреттен белгілі мазмұныды бейне құрастыра алады, оны түсіндіреді;

► компьютерде жұмыс істеудің  санитарлы – гигиеналық талаптарын;

► қазіргі заманғы ақпарат көздерінен хабардар болады;

► санитарлы – гигиеналық талаптардың бұзылуы қызметіндегі қателіктерді көрсетіп және түзей алады;

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы : Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті :  «Компьютерлік сауаттылыққа үйрету» пәні

Тақырыбы : Тышқан көмегімен күзгі ағаштарды салу

Мақсаты :

Білімділігі: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы: Балаларды дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасай отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелігі: Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар :

Билингволдық компонент: пекиндік орамжапырақ — пекинская капуста,тіс тазалағыш — зубная щетка.

 

Іс-әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс әрекеті
 

Мотивациялық

қозғаушы

Сәлематсыздар ма, балалар! Жылулық шеңберінде тұрып, бір біріне жақсы тілектер айту.

Балалар бізге бүгін қонаққа тышқан келеді

-Сәлематсыздар ма, балалар?!

Балалар тышқанға біздің көмегіміз керек екен, өзіне үй іздеп жүр, біздер оған үй жасауға көмектесемізбе?Ол үшін бізге бірнеш кезеңнен өту керек.

-Салематсыздарма!

Шаттық шеңберінде тұрып, бір — біріне көңіл күй сыйлайды.

Аспанымыз ашық болсын

Жеріміз гүлдей берсін

Біздің балабақшамыз

Әр қашанда жайнай берсін.

Қолды көкке созайық

Азайтайық қосайық

Сан есептің сарайын

Кәне бірге ашайық

-Сәлематсызба, тышқан!

-Ия, қалай?

Іздену

ұйымдастырушы

1 кезең

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс

— Енді мен сендерге «Күз келді» атты өлең оқып беремін:

Сарғайды тоғай,

Сап — сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Жапырақ ұшты,

Суықта түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

— Күз мезгілінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын айталық.

— Жақсы жақтары — әдемі түрлі — түсті жапырақтар, жеміс – жидектер піседі, дәнді дақылдар піседі.

Жаман жақтары – жиі – жиі жаңбыр жауады, күн салқындайды, суық тиеді, теректер жапырақсыз қалады.

2-кезең

— Бізбүгінкомпьютермен күзағаштарынсаламыз

Ол үшін компьютерге отырайық

Балалар біз қандай бағдарламамен жұмыс жасайын деп жатырық?

-Жарайсыңдар, ендеше Paint-ты ашайық

Балалар жұмысына талдау жасау, кейбір балаларға көмектесу.

Сергіту сәті: “Табиғат құбылыстары”

Қатты нөсер басылды,(Жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды,(Қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды.(Жарты доға жасайды)

-Балалар сендер 2 кезеңнен өттіңдер, енді 3-кезеңге аяқ басайық. Ол үшін дамыту ойындарын ойнайық

Дамыту ойыны ZEEK.

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, алғыр балаларды іздеу.

-Балалар енді салған суреттерімізді тышқанға көрсетейік.

Тышқан балаларға риза болып өз үйін қазуға кетеді

— Күз мезгілі

Балалар қайталайды.

Балалар компьютерге отырады

-Paint

-Пуск-Стандартные—Paint

Балалар күзгі ағаштардың суретін салады

Өз жұмыстарына риза болады, баға береді.

Балалар сергіту сәтін жасайды.

-Ура, балалар қуанады

Балалар тышқанмен қоштасады.

Іс-әрекеттің

бағалау кезеңі

Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?

Біз сурет салғанда ненні пайдаландық?

-екеуінің айырмашылығы қандай?

Балалар оқу іс-әрекетіміз аяқталды сау болыңыздар!

-тышқан

-тышқанды

-Сау болыңыз!

-біреуі дала тышқаны, біреуі компьютердің тышқаны.

-Сау болыңыз!

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі :  Күз мезгілінің ерекшеліктерімен танысады

Қандай түсініктерді игерді: Жаңа әдіс — тәсілдерді пайдалана отырып, күзгі ағаш бейнесін бере білуге үйренеді.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері : Тышқанмен жұмыс жасауды біледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы : Таным, шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті :  «Компьютерлік сауаттылыққа үйрету» пәні

Тақырыбы : Математика әлемінесаяхат

 Мақсаты :

Білімділігі: Заттардың үлкен — кішілігіне қарай ажыратуға үйрету

Дамытушылығы: Геометриялық пішіндер туралы ұғымын бекіту

Тәрбиелігі: Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар : геометриялық пішіндерді ажырата алу, ойын ойнау «Дұрыс тап»

Билингволдық компонент:

Іс-әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс әрекеті
 

Мотивациялық

қозғаушы

Сәлематсыздар ма, балалар! Жылулық шеңберінде тұрып, бір біріне жақсы тілектер айту.

 

-Салематсыздарма!

Шаттық шеңберінде тұрып, бір — біріне көңіл күй сыйлайды.

Аспанымыз ашық болсын

Жеріміз гүлдей берсін

Біздің балабақшамыз

Әр қашанда жайнай берсін.

Қолды көкке созайық

Азайтайық қосайық

Сан есептің сарайын

Кәнебіргеашайық

Іздену

ұйымдастырушы

Домалақ қонаққа келеді

Салематсызба, балалар! Балалар мен сендерге өз тапсырмаларымды алып келдім

1-тапсырма

Балалардың қызығушылығын артыру мақсатында 12 балаға 12 түрлі пішін ортада тұрады

Пішіндерді алып, Пішін туралы мағлұмат береді

Алған пішіндерден неше түрлі заттар жасайды

2-тапсырма

Балалардыжапсырмаорындауғашақыру.

1. Сандыретіменсанауға

2. Сандысызықарқылыдұрыссызуға

3. Нүктеарқылыажыратаалып, тапсырманыаяқтау

3-тапсырма

Компьютермен жұмыс

Зат қандай пішінде?

Мақсаты: берілген затты пішініне қарай табу

Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау менің басым- ақылды

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

-Жарайсыңдар, балалар барлық тапсырманы мүдірмей орындадыңдар!-деп домалақ балалардың жұмыстарына риза,

болып шығып кетеді.

 

-Сәлематсызба, домалақ!

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалар домалақпен қоштасады.

Іс-әрекеттің

бағалау кезеңі

Балалар жарайсыңдар!

Балалар оқу іс-әрекетіміз аяқталды сау болыңыздар!

-Сау болыңыз!

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі :  геометриялық пішіндерді ажырата біледі

Қандай түсініктерді игерді:  Математикалық пішіндерден заттарды құрастыра алады, затқа талдау жасайды

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері : пішіндерді меңгерді

 

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

+
+