Ұлттық ойын ой сергітер | Қысқа және орта мерзімді жоспарлар сайты

Ұлттық ойын ой сергітер

Тақырыбы:         Ұлттық ойын  ой сергітер

 

   Мақсаты:

Білімділік: Ұлттық ойындарды  дене шынықтыру іс-әрекетінде кең

қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою,

спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.

Дамытушылық: Ұлттық ойындарды дәріптеуде ұлттық тәрбиені

бойларына дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген

қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа,

икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.

Көрнекілігі:         асық, арқан,  қоржын,жамбы

Әдіс-тәсілі:        ұлттық ойындар эстафетасы

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі

І. Кіріспе

Қазақтың ұлттық ойындарының жастарға тигізетін тәрбиелік мәні орасан зор және де дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы болып саналады. Ұлттық ойындар тек ойын-сауық қана емес ол спорт, ол өмір сүру үшін маңызы бар үлкен тәрбие жолы, сонымен қоса ұлттық ойындар ерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты тағы басқа мінез ерекшеліктерін қалыптастырады. Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар бала денесін шынықтырады, рухани жағынан өсіреді, ой-өрісін кеңейтеді.Әрбір ұлттың өзіндік тарихы, тілі мен діні, салт-дәстүрі, өнерімен қатар ұлттық ойындары да болады. Қазақ халқының еншісінде де бірталай ұлттық ойындар тізбегі бар. Қазақ жастары танымдық ойындарға аса мән берген. Олар үй үлкендері басқа жаққа кеткенде жиналып «Бастаңғы» жасаған, яғни сауық кештерін ұйымдастырған. Ондай кещтерде міндетті түрде ән айтылып, би биленіп, күй тартылып, ойындар ойналған. Қазақтың ұлттық ойындары тұрмыстық тіршілікке аса жақын. Олар жігіттердің ептілігін, күштілігін, дәлдігін дәлелдейтін ойындар. Мысалы, «ақсүйек», «асық» ойындарының басты құралы мал сүйегі. Ол табиғи таза, адам ағзасына еш зияны жоқ құралдар. Қазіргі ойынға қажетті құралдар жасанды синтетикалық заттардан жасалады, олардың адам ағзасына, әсіресе өскелең ағзаға зияны өте көп. Жалпы қазақ жастары ешқашан әдептен озбаған, сондықтанда ойын түрлері қазіргі жастар ойындарын мүлде өзгеше.

Сайысымызды бастамас бұрын қыздырыну жаттығуларының орнына сынып оқушылары түгелдей « Қара жорға » биін билейді.

Оқушыларды  сапқа тұрғызу және  топқа бөлу,әділқазылар алқасын сайлау.

  1. Сұңқар тобы.
  2. Алау тобы.

ІІІ   Тұлпар

 

 

 

 

 

Оқушыларымызға сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық…
Сайыс шарттары:

  1. Теңге алу
  2. Бәйге
  3. Жамбы ату
  4. Кім жылдам
  5. Асық ату
  6. Арқан тарту
  7. Мыршым-мыршым
  8. Ұлттық ойын «Теңге ілу»
    Ойын шарты:
    Әр топтың балалары (арақашықтығы 2м) сап түзеп тұрады. Әр топтың бірінші ойыншысы қаптағы теңгелерді  шашып келсе келесі  ойыншы жинап келіп,қапты келесі  ойыншыға  беріп ойынды  осылай  жалғастырады
  9. Ұлттық ойын « Бәйге»

Ойын шарты: Үш топтың ойыншылары ат пен шауып барып тапсырма орындайды.Тапсырма үш топқа үш түрлі,бірінші топ аңға байланысты және  ептілікті,икемділікті қажет ететін ойындарды жазса, екінші топ  тоғызқұмалақ  отауларының аттарын жазса,үшінші топ малға байланысты  және түрлі  заттармен ойналатын ұлттық  ойындарды  әр  ойыншы  бір-бірден тізіп  жазуы  керек

  1. Ұлттық ойын « Жамбы ату»
    Ойын шарты: Әр топ ойыншылары жекелеп жамбыны ату арқылы  ұпайларын есептейді

4  « Кім  жылдам»

Шарты: Әр топ  басшысы сұрақ суырып,сұраққа  топ  болып  жауап  беріп сол тапқан  жауаптарына  олең шығару керек.

1 сұрақ.Ата-бабаларымыздан келе жатқан 4 мың жылдық  тарихы бар  ұлттық ойындардың  бірі?

2.сұрақ.

 

3  сұрақ

 

5   Ұлттық ойын   «Асық  ату »
Ойын шарты: Әр  топ ойыншылары  жекелеп  белгіленген  жердегі  асықтарды атып  құлатқанына қарай  ұпайларын  есептейді

 

  1. Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
    Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

 

  • Ұлттық ойын «Мыршым-мыршым»

Ойын шарты: Ортаға осы ойынды  ойнау үшін бірінші топты шақырамыз,ойыншыларымыздың біреуі аузына конфет салып мырым-мырым деп айтып отырады.Келесі топтан бір оқушы шығып қай оқушының аузында конфет бар екенін табуы керек.Тауып алса ұпай алады.Екі топ кезекпен  ойынға шығады.

ІІІ.Қорытынды

Жеңімпаз топты  анықтау  үшін сөз кезегін әділқазыларға  береміз.

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

+
+