Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,сөйлеу қабілеттерін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекәләктер: таудың макеті,слайд

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,көркем әдебиет.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы -Балалар,бүгін бізде ерекше күн . Бізге көптеген қонақтар келіпті.                                    –Кәнеки,балалар,ізеттілік танытып келген қонақтармен амандасып алайық.                                       –Тамаша,жарайсыңдар балалар!                                                      -Ал,енді шаттық шеңберін орындайық.

 

 

 

Жарайсыңдар,балалар!Орындарыңа жайғаса қойыңдар.

Амандасу                                                          «Ер Төстік» атты бақшаның,                    Тәрбиелі баласымыз.                     Алдыменен қонақпен,                                       Амандасып аламыз.                           –Сәлеметсіздер ме!

 

Шаттық шеңбері                                             Біздің күлкіміз көңілді,                        Жеткізсін жылу мен шаттықты.

Бөліскен жақсы ғой өмірде,           Қуаныш,мейірім,бақытты.

Іздену,ұйымдастырушы -Балалар,бүгінгі күнді ерекше деп есептеп,оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын  «Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп алайық.

-Ендеше,соғып тұрған жүрегіміз қайсы?

-Кәнеки,кім айтады,жүрегіміз қалай соғады екен?

-Балнұр ,сенің жүрегің қалай соғады?

-Нұрсәт сенің ше?

-Жасұланның жүрегі  не деп соғады екен?

-Жарайсыңдар,балалар. Ал,менің жүрегім де Отан,елім,жерім,ұлтым,ана тілім деп соғады.

-Отан деп,ел деп айтып жатырмыз,осы еліміздің рәміздеріне нелер жатады,кім айтады?

 

(слайдтан көрсету)

-Ендеше балалар,Отан деп соққан жүректеріңді ұстап,ән ұран орындайық.

-Жақсы,тамаша орындадыңдар.

Туған елім-тірлігімнің айғағы,                                   Тілім барда айтылар сыр

ойдағы.

Өссе тілім,менде бірге өсемін,                                   Өшсе тілім мен де бірге өшемін!-деп ақын Әбділда Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі,құдіреті екен. Тіл біздің тұтастығымыз.Әр адам өз ана тілін қорғауға тиіс.Біздің ана тіліміз өте бай, таза тіл екен.

-Балалар,сендер білесіңдер ме,біз қай елде тұрамыз?

-Біздің ұлтымыз кім?

-Қай тілде сөйлейміз?

-Олай болса кім маған тіл туралы өлең оқып береді?

-Кәнеки Дана,айта ғой.

 

 

 

 

-Тағы кім айтады,кәне Бекзат айта ғой.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар,өз ана тіліміз туралы жақсы өлең оқи алады екенсіңдер.

-Осы кезде  Ертөстік келеді.

Ертөстік:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді,танисыңдар ма?

Тәрбиеші:-Не себепті келді екен,сұрап көрелік.

Ертөстік:Балалар мен сендерден көмек сұрағалы келдім.Менің ағаларымды тауда тұратын Тасбол деген жауыз сиқырлап қойды,не істерімді білмей тұрмын.Қайтсем ағаларымды құтқарамын,балалар?

-Осы кезде тау арасынан Тасбол шығады.

Тасбол: Мен сиқыршы Тасболмын.Ертөстік мен сенің ағаларыңды сиқырлап тастадым.Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің ғой?!Олай болоса тапсырмаңды қиындатайын.ха-ха-ха!!!

Тәрбиеші:Балалар енді не істейміз,Ертөстіктің ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарамыз ба?

Ендеше,балалар Тасбол Ертөстікке қандай тапсырма беретінін тыңдайық.

Тапсырманы орындамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.Шынығып ширақ болып тапсырманы дұрыс орындаймыз.

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

-Бойымызды сергітіп алдық,енді Тасболдың тапсырмаларын орындайық.

1-тапсырма: Қазақта атақты ақын-жыраулар мен билер көп болған.Атақты үш бидің тіл туралы айтқан сөзі қандай?

Тәрбиеші:-Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген.Кәне,кім айтады үш биіміздің сөзін?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар,енді Тасболдың 2-ші тапсырмасын тыңдап көрелік.

2-тапсырма:Мақал-мәтел мен жаңылытпаш айта аласыңдар ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Дұрыс айтасыңдар,жарайсың-дар! Енді 3-тапсырмасына назар аударайық.

3-тапсырма:Қазақ халқын тілге,өнерге бай дейді. Қандай өнер түрін көрсете аласыңдар?

-Балалар,шындығында да біздің тіліміз бай,өнеріміз көп.

Сондай өнердің бірі айтыс өнері.Кәне, кім айтысып көреді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Өте тамаша,жарайсыңдар балалар.

Енді Тасболдың 4-тапсырмасын тыңдалық.                         4-тапсырма.Жұмбақтың шешуін тауып,қағаз бетіне бейнелеп беріңдер.

Жұмбақ.

Ұзын мойын,екі ішек                                 Қатар-қатар тепкішек                                Басып көрсең бір-бірлеп,                                  Үн шығады күмбірлеп.                               Бұл не?

 

-Дұрыс таптыңдар,енді осы домбыраны қағаз бетіне бейнелейміз.

 

Шығармашылық жұмыс:

-Домбыраны ермексаз бен соктүйіршігін пайдалана отырып орындатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жүректерін көрсетеді.

 

Балнұр: -Менің жүрегім «Отан»-деп соғады.

 

Нұрсәт:-Менің жүрегім «Елім» деп соғады.

Жасұлан:-Менің жүрегім «Тілім»-деп соғады.

 

 

 

 

 

 

 

Еліміздің рәміздеріне Ту,Елтаңба,Әнұран жатады.

 

Барлығы бірге Әнұран орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ елінде.

 

Ұлтымыз қазақ.

Қазақ тілінде сойлейміз.

 

 

Дана:

Тілім барда мақтанам,                    Тілім менің аппақ ән.                           Бірлігімді бүгінгі,                                Ана тілім сақтаған.

 

Бекзат:                                                       Ақыл-ойын дананың,                         Ана тілден аламын.               Ана тілі ардақты,                                Ақ сүтіндей ананың.

 

Балнұр:

Қазақстан халқының,                         Қазақ тілі тірегі.                      Ана тілде айтылар,                               Әнұраны жүрегі.

 

 

 

 

 

-Сәлеметсіз бе!

-Иә, «Ертөстік» ертегісіндегі Ертөстік батыр.

 

 

 

 

 

 

 

Ертөстікті тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

Таңырқай қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

-Иа,құтқарамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы бірге сергіту орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диас-Төле бидің сөзі:

Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,                                     Ана тілін білмеу қандай заңдылық.                                         Өсер бабаң,байтақ далаң тұрғанда,                                       Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

 

Манас-Қазыбек бидің сөзі:

Жетер енді әркімге бір ермейік,                                                       Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.                                                      Қанға сіңген ана тілін халқым-ау,                                            Шұбарлауға ешкімге жол бермейік.

 

Нұрасыл-Әйтеке бидің сөзі

Қазақ,қазақ болғалы,                                   Тіл үшін күрес көргені.                Көргені көп тілімнің,                          Мүмкін емес өлмегі.

 

 

 

Жансаят:

Тілі байдың-елі бай.

Маржан:

Тіл-көңілдің кілті.

Фатима:

Ынтымақты ел-сарқылмас көл.

Асылан:

Ибалы-инабатты.                          Игі ісінде-ибадатты.

Айару:

Ана тілің-асылың,оны білмеген-масылың.

 

 

 

 

 

 

 

 

Айтыс:

Бала .

Ал бастайық айтысты,               Жібермейік намысты                           Жеңіліп қап қара қыз,                          Тастап кетпе сен мені.

 

Қыз:

Мен өзіңді қаладым,                       Айтысуға шақырып.                                Көзіңнен мен көремін,                            Қаласың ғой жеңіліп.

 

Бала:

Қонақтарды алдымен,                             Қояйықшы құттықтап.                           Бүгінгі күн мереке,                        Арналады сіздерге.

 

Қыз:

Жақсы болса тәртібің,            Білімді боп өсесің.                                      Ата-анаңды қуантып,                           Арманыңа жетесің.

 

Екеуі бірге:

Еркем,еркем,еркем-ай,                          Еркелеген еркем-ай.                           Бүгін болған мерекең,                              Болсын тағы ертең-ай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтың жауабы –Домбыра.

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы бірге домбыра жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

  Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің  жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқандай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

 

Күтілетін нәтиеже:

Біледі: Ана тілде сөйлеуді,тілді қадірлеуді.

Меңгереді: Тапсырмаларды орындауды. Отанын,ана-тілін сүюді.

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

+
+