Тіктөртбұрыштың және шаршының ауданы. Санның квадраты

Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштың  және шаршының ауданы. Санның квадраты.

Сабақтың мақсаты:                                                                                                Білімділік: фигураның ауданы туралы білімдерін нақтылау; тіктөртбұрыштың ауданын есептеу тәсілі туралы білімдерін қалыптастыру.                                                    Дамытушылық: оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін, белсенділігін арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.                                                   Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ізденгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.                            Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, есеп шығару, түсіндіру.                            Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Психологиялық дайындық.

                   Терең білім аламыз,                                                                                                  Күшімізіді саламыз.

Маңыз беріп оқимыз,

Математика пәнін біз.

3.Қызығушылықты ояту.

«Компьютер» ойынын өткізу.

2*6:3*9:6*4:3*7 (56)

4.Ой қозғау.

Кестегі өрнектердің мәнін тауып, шыққан сөзді оқу.(Геометрия)

— Біз «Геометрия» еліне саяхатқа шығамыз. Ол қандай ел екен?

— Геометрия – фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым. Ол гректің гео – жер, метрео – өлшеймін деген сөздерінен шыққан. Геометрия көне де қызықты ғылымдардың бірі. Ол адамдардың күнделікті өмір қажеттілігінен туындаған.

Біздің заманымызға дейін 2 мың жыл бұрын грек тарихшысы Иродот былай деп жазды. «Мысыр фараоны Сезострис әр Мысыр тұрғынына жер бөліп беріп, әрбір бөліктен салық алып тұрған. Ніл өзені тасығанда жер телімін су басып, оның ауданы кеміп қалатын жағдайлар болған.  Мұндай кезде жердің иесі патшадан жерінің ауданын дәл есептеп, салық мөлшерін азайтуын өтінеді.» осылайша Ежелгі Мысырда пайда болған геометрия гректерге жетті.

Жүйесіз геометриялық мағлұматтарды ежелгі грек ғалымдары толықтырып, нақтылап, қорытындап, дамыта түсті.

  • Қандай геометриялық фигураларды білеміз?
  • Сабақта 4 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Топ басшылары келіп, геометриялық фигураларды таңдайды.

Үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, бесбұрыш топтары.

Топтарының аттарына сай, сол фигура туралы не білетіні және  периметрін қалай табатынын айту.

5.Мағынаны тану.

Слайдтағы сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.

  1. Неше тастақта сыятынын қалай есептеуге болатынын анықтау.
  2. Фигуралардың аудандарын табу.
  3. Тіктөртбұрыштың ауданын табу.
  4. Шаршының ауданын табу. Көрсетілген фигуралардың аудандарын табу.
  • Тіктөртбұрышта (шаршыда) торкөздер қатары қанша?
  • Әр қатарда неше торкөз бар?
  • Баған түрінде санаңдар. Әр бағанда неше торкөз бар екен?

Слайд арқылы осы фигуралардың ауданын табуды үйрену.

  • Шаршы ауданын қалай табамыз?
  • Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін не істеу керек?

Берілген фигуралардың аудандарын табу.

  • Қай сандарды бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазып көрсетуге болады? (сандар)

Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің квадратымен алмастыруға болады.

4*4=42                            4*4=16                42=16

 

Графикалық диктант:

1.Оңға қарай  5 торкөз, төмен қарай 2 торкөз, солға қарай 5 торкөз, жоғарыға 2 торкөз сызыңдар.

2.Оңға қарай 4 торкөз, төмен қарай 4 торкөз, солға қарай 4 торкөз, жоғарыға 4 торкөз сызыңдар.       

        — Қандай фигуралар шықты?

        — Олардың аудандарын табыңдар.

Оқулықтағы №5 тапсырмасының ә) бөлігін орындау.

Көбейтінділерді көбейткіштердің квадратына ауыстыру:

3*3    6*6    8*8    9*9    7*7    5*5    2*2    4*4

№6 есепті шығару. Есепті түсініп оқу.

  • Есеп не туралы?
  • Есепте не белгілі?
  • Есептің сұрағы қандай? Нені табу керек?

а = 6м        а=5м          S=а*в          S=6∙4=24 м2

в=4м          S=?    S=а*а         S =5*5=25 м2

S=?                                                  25-24=1 м2           

Жауабы: Шаршы пішіндес гүлкөмбенің ауданы  1м2  артық.

6.Сергіту сәті

7.Ой толғаныс

1топ: Арифметикалық амал таңбаларын орналастыру.

27*3*7=17          9*3*20=47

27*3*7=16          9*3*20=7

27*3*7=23          9*3*20=23

2 топ:Математикалық диктант.

  • 6 мен 9 сандарының көбейтіндісіне 25 санын қос (6*9+25=79)
  • 800 санынан 657 мен 104 сандарының айырмасын кеміт (800-(657-104)=647)
  • 20 мен 22-нің қосындысын 6-ға бөл((20+22):6 =7)
  • 32 мен 4-тің бөліндісін 10-ға арттыр (32:4+10=18)

3 топ: Теңдеу шешу:

Х*3=20+4                     800-x=198+42

X*3=24                         800-x=240

X=24:3                          x=800-240

X=8                              x=560

8*3=20+4                     800-560=198+42

24=24                           240=240

Жауабы: х=8                Жауабы: х=560

4 топ: Кестемен жұмыс.

Тіктөртбұрыш пішінді бет    Ұзындығы       Ені       Периметрі Ауданы
 Сынып бөлмесінің едені       6м  
 Тақта       1м  
 Аула       3м  

 

8.Тобықтай түйін. Сабақты қорытындылау.

  • Сабақ ұнады ма?
  • Бүгінгі сабақта қандай жаңалықтарды білдіңдер?
  • Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?
  • Шаршы деп қандай фигураны атаймыз?
  • Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
  • Шаршының ауданын қалай табады?
  • Көрсеткен сандардың квадраттарын атаңдар.

9.Бағалау.

10.Үйге тапсырма: №6 (ә) – 104 бет.

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

+
+