Ертегі еліне саяхат | Қысқа және орта мерзімді жоспарлар сайты

Ертегі еліне саяхат

Білім беру салалары:Әлеуметтік орта.

Бөлімдері: Көркем  әдебиет.

Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»

Мақсаты: 1.Білімділік: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту.

  1. Дамытушылық: Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
    3. Тәрбиелік: Жақсы жаманды айыра білуге,достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сахналау, саяхаттау, ойнату, көркемдеп сөйлету, сұрақ-жауап тәсілі.

Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісіне арналған көстюмдер, «Шалқан» муляжі, «Шұбар тауық» ертегісінің мнемокестесі, «Бауырсақ» — доп, «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері», Аю мен шұбар тауықтың костюмы.

Қостілдік компонент: Саяхат — путешествие, ертегі – сказка, біз ертегіні жақсы көреміз-мы любим сказки.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Бала әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушылық

 

Армысың әсем балабақшам

Бармысың балғын достарым

Сендерге сәлем беремін

Қуана келіп күнде мен!

 

Балаларды шаттық шеңбер тұрып,  қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.
I аялдамаға келдік. Ата-аналардың қатысуымен «Шалқан» ертегісін сахналау.
II аялдама. «Сергіту сәті»

Аңшы шықты орманға

Жабайы жануар іздеуге

Алдынан қасқыр шыға келді,

Атып қалды ағшы мылтықпен.
III Ертегілердің үзінді аялдама сұрақтар қояды.
Мынау аялдамаға қызық суреттер ілініп тұр. – Бұл қандай ертегі?
— — Осы ертегіні айтып беріңдер суреттерге қарап.
— Суретте не салынған?
— Ешкі тамаққа кеткен кезде лақтарға не айтып кетті?
— Ал мынау суретте не көріп тұрсыңдар?
— Ол не үшін аңдып тұр?
— Ал мынау суретте не көріп отырсыңдар?
— Ешкі лақтарымен не істеп тұр?
Балалар тағы да пойыз құрып келесі аялдамаға барады.
IV аялдама. «Орман». Сол орманда Аю жылап тұр.
Тәрбиеші: Аю, сен неге жылап тұрсын, саған не болды?
— Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен оған сыймай
сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі? – деп балалардан сұрайды.
Тәрбиеші: Жылама Аю, біздің балаларымыз сондай әдемі, үлкен үйшікті жасай алады. Бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып келесі аялдамаға барайық, сол жерде біздің балаларымыз саған үйшік соғуға көмектеседі.
V аялдама. «Шұбар тауық».
Сол аялдамада оларды Шұбар тауық күтеді. Олармен сәлемдеседі. Мнемотаблицаны көрсетеді.
— Балалар, сендер мынау мнемотаблица бойынша ертегіні айтып бере алысыңдар ма?
«Шұбар тауық» рақмет айтады.
Аю мен Шұбар тауық балаларға рақмет айтады, ал балалар сиқырлы пойызға отырып, өз тобына кетеді.
VI Сюрприз. Бауырсақ секіріп топқа кіреді.
Балалардан сұрайды:
— Мен кіммін?
— Мен кімнен қаштым?
Тәрбиеші: Ал сені түлкі жеп қоймады ма?
Бауырсақ: Мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмадым деп айтып береді. Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар маған қайда барғандарын айтып бере алады ма?

 

 

Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз» өлеңін айтып жүреді.
 

 

Балалар жарты шеңбер құрып отырады

 

 

 

«Аңшы» сергіту сәтінің сөзіне қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

«Лақтар мен қасқыр»

 

 

Ешкінің, қасқырдың, лақтардың суреттері.

Қасқырға есік ашпаңдар дейді.

Қасқыр тығылып тұр.

 

Лақтарды жегісі келіп тұр.

 

Лақтар  тыңдап тұр.

 

Тамақ беріп тұр.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ұйып тыңдап отыр.

 

 

 

 

 

Біз көмектес тесеміз.

 

 

 

 

 

 

Аю мен балалар пойыз құрып келесі аялдамаға жетеді..

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір-екі бала мнемотаблица бойынша ертегіні айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сен бауырсақсын, атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштын

 

Рефлективті түзетушілік Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау:

Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер? Егер сендер маған толық жауап берсендер, мен сендерге сыйлық беремін

Бауырсақ: Мен өз ертегіме барайын.

 

 

— Біз сиқырлы пойызға отырдық.
— Ертегілер еліне саяхатқа бардық.
— «Шұбар тауық», «Шалқан», сергіту сәтін  орындадық,

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Суретке қарап мазмұнын түсіне білу. Таныс ертегінің соңын басқаша құрастырды.

Қандай түсініктерді игереді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтірді

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытты.

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

+
+