Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Энергия. Энергияның сақталу заңы | Қысқа және орта мерзімді жоспарлар сайты

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Энергия. Энергияның сақталу заңы

Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Энергия. Энергияның сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушылардың алдыңғы тарау бойынша алған білімдерін қаншалықты деңгейде меңгергендігін байқау.«Импульстің » сақталу заңы мен энергияның сақталу заңына талдау жасау, топтарды жарыстыра отырып, оқушылардың алған білімдерін қорытындылау.

Тәрбиелігі: Оқушыларды топпен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, адамгершілікке ынтымақтастыққа үйрету

Дамытушылығы:  Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру арқылы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:       Жарыс сабағы

Сабақты өту әдісі:  білімді жинақтау,

                                   жүйелеу, сұрақ-жауап,  

                                   есептер шығару,

                                   кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа

кестелер, слайдтар, анықтамалық кітапша.

 

Жоспар: Импульс пен энергия олардың сақталу заңдары.

І-саты: Білемін. 1.Ұйымдастыру бөлімі

                              2.Үй тапсырмасын сұрау

                              3.Тарауды қайталау

                              (топпен жарыс)

ІІ-саты: Білгім келеді: 4.Схемалар,сызбалар, арқылы импульспен энергияның сақталу заңдарына талдау жасау.

  1. Бекіту(есеп шығару)

ІІІ-саты: Білдік: 6.Жаңа сабақты қорытындылау (БлокСхема,топт.страт.әдісі<<Білдік>> таблицаны пайдалану)

                            7.Үйге тапсырма

                            8.Бағалау

І-саты:”Білемін.”

1.Ұйымдастыру бөлімінде интерактивті тақтамен сабақ жоспарын түсіндіремін.

2.Тарауды қайталау болғандықтан, жарыс түрінде өткіземін.

3.Сыныпты 2 топқа бөліп,топ басшыларын сайлаймын.

                  І топ<<Импульс>>,

                 ІІ топ<<Энергия>>

«Білім айнасы». Әр сұраққа 5 ұпай.

1.Импульс қай елдің сөзінен шыққан?

2.Дене импульсі дегеніміз не?

3.Күш импульсі дегеніміз не?

4.кг·м/с қандай шаманың бірлігі?

  1. I = F·∆t Қандай шаманың формуласы?

6.Энергия қандай шама?

  1. Энергияның қандай түрлерін білессің?

8.Энергияның өлшем бірлігі қалай аталады?

  1. Ет=Еп+Ек мына формула нені сипаттайды?
  2. Кинетикалық Энергия дегеніміз не?

Ойлан тап: Сөзжұмбақ. Импульс тобына.

  • Табиғат, табиғат заңдылықтарын зерттейтін ғылым?
  • Күшті өлшейтін құрал?
  • Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама?
  • Заттың ең ұсақ бөлшегі?
  • Орын ауыстыруды сипаттайтын шама?
  • Қысымның өлшем бірлігі?
  • Килограмм қандай шаманың бірлігі?

Сөзжұмбақ: Энергия тобына.

  • Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын шама?
  • Күшті өлшейтін құрал?
  • м³қандай шаманың бірлігі?
  • Бізді қоршаған әлем физикада қалай аталады?
  • көлемі мен пішінін сақтамайды, тек берілген көлемді ғана қамтитын заттың күйі қалай аталады?
  • Сұйыққа батырылған денені кері итеруші күш?
  • Кулон қандай шаманың бірлігі?

 

 

 

ф И з и к а
д и н а М о м е т р
т е м П е р а т у р а
м о л е к У л а
ж о Л
п а с к а л Ь
м а с С а

 

 

Э н е р г и я
д и Н а м о м е т р
к ө л Е м
м а т е Р и я
Г а з
а р х И м е д
з а р Я д

 

Физикалық эстафета. Импульс тобына.

 Р(кг·м/с)  m(кг)  Ѵ(м/с)
        20           ?          10
        ?           5          20
       30           6           ?

 

Физикалық эстафета. Энергия тобына.

 Р(кг·м/с)  m(кг)          Ѵ(м/с)
       40           ?         20
       ?          3         30
      25          5          ?

 

Сергіту сәті. Жұмбақ. Импульс тобына.

1.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң

Ньютонға ол келеді.

  1. Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды?

Жұмбақ. Энергия тобына.

1.Жоғалмайды ешқашан

Түрлендірсең егерде.

Басқа күйге ауысса,

Жұмыс істейді әрқашан

  1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін.

 

Суреттер  бойынша физикалық құбылысты түсіндіру.

 

Қазақтың ғарышкерлері туралы мағлұмат.

 

Физикалық ерекше гүл. Дене күш импульсінің және потенциялдық, кинетикалық энергиялардың белгісін, формуласын, өлшем бірлігін, сақталу заңын көрсету.

<<Білемін>> сатысын аяқтап екі топтың басшысы кесте бойынша ойынның қорытындысын есептеп,<<жеңімпаз>> топты анықтаймыз

топтар Білім айнасы Сөзжұмбақ Физикалық эстафета (есеп) жұмбақ Физикалық құбылысты түсіндіру Ойшыл ғалымдар Физикалық ерекше гүл
Импульс              
Энергия              

 

ІІІ саты. «Білдік» топтастыру стратегия әдісі.
Жаңа сабақты қорытындылау

ІІІ саты «Білдік» топтастыру стратегия әдісі сабақты қорытындылау
«Топтастыру стратегия әдісі – «Білдік»

 

Белгіленуі          I

 

Формуласы              I=F∙∆t
Өлшем бірлігі               H∙ с
Басқа шамалармен байланысы        Күш, уақыт

 

 

Білдік

 

 

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық

Импульс пен энергиядан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.

VII. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: Тарауды қайталау.

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

+
+